Жапония елшілігінің бірінші хатшысымен кездесу

16 наурыз, 2023

     Қазақстандағы Жапония елшілігінің бірінші хатшысы, мәдениет және ақпарат бөлімінің басшысы Юя Киношита мырза Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөліміне арнайы келіп, кездесу өткізді. Кездесуге бөлім оқытушылары, магистранттар мен студенттер қатысты. Киношита мырза кездесу барысында Жапониядағы оқу жүйесі, Жапонияға баруға арналған арнайы бағдарламалар мен қоса MEXT шәкіртақысына қатысты бірнеше бағдарламаны таныстырып, кездесуге қатысушылардың түрлі сұрақтарына жауап берді.

     Студенттер Жапония мен Жапониядағы оқу туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оқу аяқтағаннан кейін Жапонияда оқуларын жалғастыру немесе Жапон компанияларында жұмыс істеу жолдары туралы сұрақтарына жауаптар алды.

     Кездесуден кейін Киношита мырза оқу корпусын, жапонтану бөліміне тиесілі дәрісханаларды аралап шығып, бөлім оқытушыларымен сұхбаттасып, жапонтану бөлімінің қазіргі тынысымен танысты.