«6В04101-Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы  бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада

31 наурыз, 2023


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткізілетін XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға (бұдан әрі - Олимпиада) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының тек «6В04101-Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы  бойынша күндізгі оқу бөлімінде оқитын  2-3 курс студенттері қатыса алады. Қатысушы студенттердің мәлімделген білім беру бағдарламасына сәйкестігі міндетті шарт болып табылады. Олай болмаған жағдайдаконкурстық комиссия сәйкессіздік анықтаған болатын болса, мұндай өтінімдер қабылданбайды. Конкурстық өтінім 1-қосымшаға сәйкес рәсімделеді. Университет 2 (екі) командадан артық емес (қазақ, орыс тілдерінде) және олардың әрқайсысы олимпиаданың барлық турларына қатысу үшін 3 (үш) адамнан тұратын команда ұсына алады. 2020-2022 жылдардағы Республикалық Студенттік Пәндік Олимпиада жеңімпаздары қатыса алмайды. 

Олимпиада келесі 2 кезеңнен тұрады:
1) бірінші тур – алдын ала сырттай, келесілерден:
- талаптарға сәйкес және қатаң түрде білім беру бағдарламасы бойынша тапсырманы орындау (2-қосымшаны қараңыз);
келесі материалдарды olimpiadakaznukz@gmail.com  электронды адреске жіберу: 
а. Қатысуға өтінім (топтың әр мүшесінен).
ә.Ректор (проректор) қол қойған хат және олимпиаданың бірінші кезеңінің нәтижелері туралы комиссияның хаттамасы. 
б. Тапсырма-жоба.

Командаға конкурстық өтінімді қабылдаудан және тиісінше олимпиадаға қатысудан бас тартылуы мүмкінегер:
• конкурстық өтінімді уақтылы ұсынбау;
• өтінімнің олимпиада талаптарына сәйкес келмеуі;
• қажетті құжаттарды толық немесе дұрыс ұсынбау;
• қатысушылардың мәлімделген білім беру бағдарламасына сәйкес келмеуі.

Бірінші турдың нәтижелерінен іріктеудің тиісті критерийлері бойынша ең көп балл жинаған командалар іріктеледі (2-қосымшаны қараңыз) және екінші кезеңге шақырылады.

2) екінші тур – финалдық, ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ корпусы 5 залында, келесі бекітілген тапсырмаларға қатысуы бойынша командалардың күндізгі байқауы түрінде өткізіледі: 
кезең. Командалардың сәлемдесуі, олимпиада тақырыбына сәйкес дайындалған үй тапсырмасы,жобаны қорғау (максималды 20 балл);
2 кезең.  Пәндік тестілеу (максималды 60 балл);
3кезеңКөшбасшылар сайысы (команда капитандары) (максималды 20 балл).

Финалдық турдың қорытындысын шығару кезінде қазылар алқасы екінші турдың әрбір кезеңінде команда алған барлық ұпайларды ескереді және жинақтайды. 
Балл сомасы басқа командалар арасында ең жоғары болып табылатын университет командасы жеңімпаз болып танылады.
 
Бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі - ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі  проректорының қолы қойылған және елтаңбалы мөрімен куәландырылған дипломдармен марапатталады:
• орын үшін –  I дәрежелі диплом (командадан артық емес); 
• II орын үшін  II дәрежелі диплом (2 командадан артық емес);
• III орын үшін –  III дәрежелі диплом (3 командаданартық емес).

Дипломдар олимпиада аяқталғаннан кейін тапсырылады.
Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың барлық қатысушылары қатысу сертификаттарын алады.

                                                        Олимпиада бойынша негізгі іс-шаралардың шекті мерзімі (дедлайн)

 №

Мерзімі 

Іс-шара

Жауапты тұлғалар

1

10.04.2023ж.,сағат 24:00-ге дейін

Қатысу үшін ұжымдық өтінім беру және жобаны университеттерден электрондық пошта арқылы ұсыну

Бағыттаушы университеттер

2

13.04.2023ж., сағат 24:00-ге дейін

Олимпиаданың екінші турына өткен командалар тізімін жариялау, шақыруларды тарату.

Ұйымдастыру комитетінің координаторы 

3

20.04.2023ж.

10:00-15:00

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткізілетін олимпиаданың екінші туры.

  

Ұйымдастыру комитеті

 4

 

9:45-10:00

  

 

Қатысушылардың қабылдау және тіркеу 

 

Ұйымдастыру комитеті

 5

 

10:00-13:00

 

 

Олимпиаданың екінші турын өткізу

 

Ұйымдастыру комитеті

 6

 

13:00 - 14:00

 

 

Үзіліс

 

Ұйымдастыру комитеті

 7

14:00-15:00

Екінші тур бойынша нәтижелерді жариялау және Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау

 

Ұйымдастыру комитеті

 


Байланысатын тұлға: Баймбетова Айгүл Әбішқызы,   +7 777 723 73 99
Олимпиаданы өткізу орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақорыс, ағылшын.
Телефон арқылы анықтамател. 8-727-377-33 (вн.12-48).

1-ҚОСЫМША 1 РСПО 2023 (Тіркеу карточкасы).pdf

2-ҚОСЫМША РСПО 2023 (ТАЛАПТАР).pdf