«ТІЛ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТІЛІ» тақырыбында II Халықаралық Фараби Форумы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының аясында Шығыстану факультетінде 2-секция мәжілісі өтті

6 сәуір, 2023

2023 жылдың 4 сәуірінде Әл-Фараби орталығының 30-жылдығына арналған «ТІЛ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ТІЛІ» тақырыбында II Халықаралық Фараби Форумының ашылу салтанаты өтіп, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды. Шығыстану факультетінде «Әбу Насыр әл-Фараби философиясының тілі: ортағасырлық мәтіндерді аудару ерекшеліктері» тақырыбында 2-секция мәжілісі өтті. Модератор PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Палтөре Ы.М. болды.

Секция барысында Ахметбекова А.К., филол.ғ.к, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының доценті «Әл-Фараби трактаттарын аударудағы Қ.Тәжікованың орны», Төлеубаева С.А., филол.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шығыстану кафедрасының профессоры «Әбу Наср әл-Фараби мәтіндерінің тілі: стиль және авторлық мәселелері», Қыдыр Т.Е., филол.ғ.к., доцент, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бас директорының орынбасары «Жошы Ұлысында жазылған түркі жазба жәдігерлерінің аударма ерекшеліктері», Хаван Айдынгүл, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының аға оқытушысы «Әл-Фараби афоризмдерінің тарихи-мәдени негіздері» тақырыптарында өз баяндамаларымен таныстырды.

Кездесуге сонымен қатар Әбу Насыр Әл-Фараби шығармаларының белгілі аудармашысы, ф.ғ.д., доцент Тәжікова К.Х., Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Кокеева Д.М., кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Құрманалиева А.Д. қатысты.