"Фараби әлемі" жас ғалымдарды, студенттер мен магистранттарды қарсы алды.

8 сәуір, 2023

     2023 жылғы 5 сәуірде Шығыстану факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" халықаралық конференциясының салтанатты ашылуы өтті. Конференция қатысушыларына Шығыстану факультетінің деканы, т.ғ. к., доцент Н.Б. Ем құттықтау сөз сөйлеп, әл-Фараби мұрасын сақтаудың, жас ғалымдар мен студенттерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Бірнеше жыл бойы "Фараби әлемін" өткізу жас ғалымдар мен студенттер үшін өз күштерін, дағдылары мен қабілеттерін сынау алаңы болып табылады.

      Конференция жұмысына 120-ға жуық студент, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар қатысты. Жұмыстарды Қытай, Өзбекстан, Корея қатысушылары ұсынды. Мақалаларда шығыстану ғылымының өзекті мәселелері қарастырылды. Баяндамалар барысында шығыстану ғылымының әртүрлі салаларындағы теориялық, практикалық және қолданбалы сипаттағы мақалалар келесі секциялар бойынша ұсынылды:

  • Шығыс елдерінің тарихы, саясаты және экономикасы. 
  • Шығыс тілдерінің өзекті мәселелері және шығыс елдерінің әдебиеті.Шығыс елдерінің қоғамы, мәдениеті мен діні.
  • Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Шығыс елдері. 

     Әр секцияның жұмысын шығыстану факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамынан құралған комиссия мүшелері бағалады. Қатысушылардың презентациялары мен сөз сөйлеулерін қазылар алқасы студенттер мен магистранттарды даярлаудың жоғары деңгейі ретінде атап өтті. Қарқынды жарыс соңғы минутқа дейін жалғасты, комиссия мүшелеріне жеңімпаздар мен жүлдегерлерді таңдау қиынға соқты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2023 жылғы 6 сәуірде "Шығыстанудың өзекті мәселелері" дөңгелек үстелінің соңында өтті.