Француз университеттерінің делегациясымен баламалы энергия мәселесі талқыланды

10 мамыр, 2023

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде француз университеттері делегациясының қатысуымен «Жаңартылмалы энергия көздері: Қазақстан мен Франциядағы энергетикалық ауысудың дағдысы мен білімі» атты халықаралық конференция өтті.

     Жиынға механика-математика факультетінің деканы Абдибеков У.С., деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Досжан Н.С., факультеттің оқытушы-профессорлық құрамы, докторанттары және магистранттары қатысты.

                                        

     Басқосуда Францияның бас консулы Фабрис Невё, Total Eren компаниясының Орталық Азия бойынша вице-президенті Тьерри Плезан және өзге де делегация мүшелері, ғалымдар екі ел қарым-қатынасындағы энергетикалық ауысу барысын саралап, ұсыныстарын ортаға салды.

                                             

     Конференция жұмысы ары қарай «Баламалы энергия Франция мен Қазақстандағы жаңа ғылыми және өнеркәсіптік сын-тегеурін ретінде», «Оқытуды энергетика саласындағы мамандардың жаңа қажеттіліктеріне бейімдеу» атты секциялық отырыстарға ұласты.

     Секциялық отырыста механика-математика факультетінің профессоры Калтаев А. "French – Kazakh Centre "Geo-Energies” for double-degree Master Energy", деканның ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Досжан Н.С. "Features in PhD education in Kazakhstan: experience and sustainable development" тақырыбында баяндама жасады.