Механика-математика факультетіне «Цифрлық инженерия» СПбПУ Жоғары инженерлік мектебінің жетекшісі Алексей Боровков келді

2 маусым, 2023

     26-27 мамырда Санкт-Петербург политехникалық универсиетінің цифрлық трансформация жөніндегі проректоры, СПбПУ "Цифрлық инжиниринг" атты озық инженерлік мектептің жетекшісі Алексей Боровков әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келді.

     әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапар бағдарламасы бойынша дәрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу орталығына және ғылыми-технологиялық паркке баруды қамтыды. Сондай-ақ, Алексей Боровковқа университеттің жетекші факультеттерінің қызметі таныстырылды. ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің деканы Абдибеков У.А. сұйық газдар механикасы зертханасын көрсетті, ал физика-техникалық факультетінің деканы Бейсен Н.А. инженерлік бейіндегі, плазма физикасы зертханаларына экскурсия өткізді.

                                           

     Сонымен қатар, Алексей Боровков университеттің оқытушыларымен, аспиранттарымен және студенттерімен кездесіп, озық цифрлық және өндірістік технологияларға арналған ашық дәріс өткізді.