ДЕКАРБОНИЗАЦИЯ КҮНІ

9 маусым, 2023

          07.06.2023 Астана қаласы, Назарбаев университетінде Франция-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы (ФҚСӨП) алғашқы француз-Қазақстандық декарбонизация форумын өткізді.

     Бұл іс-шара үкіметтерді, үкіметаралық ұйымдарды, бизнес көшбасшыларын, ғалымдарды және басқа да негізгі қатысушыларды біріктіре отырып, елдердің тұрақты энергетикаға көшу саласындағы екіжақты ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған.

     Total Еren компаниясының вице-президенті Тьерри Плезан Геоэнергетика центрына және механика-математика факультетінің «Механика энергетика» мамандығының магистранттарына форумға қатысуға шақырту жіберді.

      Форумда Қазақстанның және Францияның үлкен компаниялары өз жұмыстарын таныстырды. Магистранттардың форумға қатысу мақсаты аталған индустриялармен таныс болу, коллаборацияны нығайту және үлкейту. Форумға қатысқандар жетекші компаниялардың жұмыстарымен таныс болып, өздеріне қажетті ақпарат алды.