Ланчжоу университетімен арадағы ынтымақтастық жалғасын табады

26 маусым, 2023


2023 жылдың 23-маусым күні ҚХР Ланчжоу университетінің ректоры Ян Чунхуа мырза бастаған делегация факультетімізге қонақ болып келіп кетті. Конфуций институтында өткен арнайы кездесуге ректор бастаған бірқатар Ланчжоу университетінің басшылары қатысты. ҚазҰУ университеті тарапынан Конфуций институтының директоры Асылбеков Р. Ө., Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Жекенов Д.Қ., Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керімбаев Е.Ә. және екі факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Кездесу барысында екі университет арасында ұзақ жылдан бері қалыптасқан тиімді ынтымақтастықты одан ары жалғастыру жолдары талқыланды. Түрлі ой-пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынды. Осы жиын барысында 2023 жылдың ақпан айы мен мамыр айы аралығанда Ланчжоу университеті онлайн ұйымдастырған, «Қазақстандағы қытай тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру» курсынан өткен оқытушыларға сертификаттар тапсырылды. Курсқа қатысқан Алматы қаласындағы оқу орындарының оқытушыларына, Ланчжоу университетінің ректоры сертификаттарды өз қолымен табыстады. Оқытушылардың атынан Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Мұстафа Серік Ланчжоу университетінің ұжымына алғыс айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Кездесу соңынан делегация Халықаралық қатынастар факультеті мен Шығыстану факультетін аралап танысып шықты.