- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ мен Цзяотун университеті құқықтық зерттеулер орталығын құру туралы меморандумға қол қойды
ҚазҰУ мен Цзяотун университеті құқықтық зерттеулер орталығын құру туралы меморандумға қол қойды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Сиань Цзяотун университетінің вице-президенті Шан Вэньхуа бастаған Қытай Халық Республикасынан делегация келді.
Оның құрамында «Жібек жолы» халықаралық және салыстырмалы құқық институтының Орталық Азия заң ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор София Ушурова, Материалтану және инженерия мектебінің партия хатшысы Гао Хонг, Әлеуметтік ғылымдарды зерттеу департаменті директорының орынбасары Чжан Рипин, Адам ресурстары департаменті директорының орынбасары Дуан Хэнцян, Халықаралық ынтымақтастық және алмасу департаментінің мүшесі Пей Жуи болды.
Делегация мүшелері үшін кампус-экскурсия өткізілді. Қонақтар Дәрілік өсімдіктер орталығында, Инженерлік және жоғары технологиялар кластерінде, Процестік инновациялар орталығында, химия және химиялық технология, заң факультеттерін аралап шықты. Сондай-ақ олар ҚазҰУ мұражайы мен Жағдаяттық басқару орталығында болды.
Одан әрі қонақтарды Басқарма Төрағасы – ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қабылдады. Университет басшысы өз сөзінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы мамырда ҚХР-ға мемлекеттік сапары аясында ҚазҰУ ынтымақтастығын тереңдетуге ықпал ететін құжаттарға қол қойылғанын атап өтті. Сонымен, Солтүстік-Батыс политехникалық университетімен ынтымақтастық туралы және ҚазҰУ базасында филиал ашу, Қытай – Қазақстан СУАР География және экология институтымен қашықтықтан зондтау технологияларының бірлескен зертханасын құру және оларды қолдану сияқты бірқатар келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ Шэньчжэнь университетімен өзара түсіністік туралы меморандумға және Пекин мұнай университетімен ынтымақтастық ниеті туралы хатқа қол қойылған болатын.
Кездесу барысында Сиань Цзяотун университетінің делегация мүшелеріне университеттің көпсалалы қызметі, ҚХР жоғары оқу орындарымен және институттарымен ғылыми-білім беру ынтымақтастығының тәжірибесі туралы ақпарат берілді.
ҚазҰУ ҚХР-дың 50 жоғары оқу орнымен және ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Олардың ішінде Сиань Цзяотун университеті, Солтүстік-батыс политехникалық университеті, Ланьчжоу университеті, Шэньчжэнь университеті, Пекин университеті, Шанхай шет тілдер университеті, Шанхай саясат және құқық университеті және т.б.
ҚазҰУ ректоры өз сөзінде көрші елдің жоғары оқу орындарымен қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, жуырда ҚазҰУ-ға келіп, ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытқан ҚХР білім ордалары туралы баяндады. ҚазҰУ басшысы сондай-ақ ҚазҰУ мен Қытай университеттері арасында білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жұмыстың жолға қойылғанын атап өтті. Соңғы үш жылда ҚазҰУ-дың 79 студенті ҚХР университеттерінің жазғы мектептерінде білім алып, ғылыми тағылымдамадан өтті, сондай-ақ 37 оқытушы өз біліктілігін арттырды. ҚХР-дың 401 студенті бүгінде ҚазҰУ-да оқып жатыр. КазҰУ-дың шығыстану факультетінде Қытайтану кафедрасы және Конфуций институты бар.
Келіссөздер барысында тараптар ынтымақтастықты нығайту бойынша жол картасын бірлесіп әзірлеу бойынша, сондай-ақ екі ел арасындағы құқықтық зерттеулерді тереңдету, студенттер мен оқытушылар құрамының алмасуын күшейту, халықаралық жария құқық саласында қосдипломдық білім беру бағдарламаларын іске қосу, гуманитарлық және техникалық бағыттар, екі жоғары оқу орнының заң ғылымдары саласындағы ғылыми мектептері арасында бірлескен ғылыми семинарлар ұйымдастыру сияқты бірқатар мәселелерді талқылады.
Өз кезегінде Сиань Цзяотун университетінің вице-президенті, профессор Шан Вэнхуа Сиань қаласындағы жетекші ұлттық университет болып табылатын инженерлік, технология, қолданбалы экономика, менеджмент және өмір туралы ғылымдар салаларында мамандар даярлайтын Цзяотун мемлекеттік зерттеу университетінің қызметі туралы әңгімелеп берді. Сиань Цзяотун университеті 1896 жылы құрылған және бүгінде онда 44 325 студент білім алуда, оның 1924-і – шетелдік студент. Кездесу соңында Қытай мен Орталық Азияның құқықтық зерттеулер орталығын құру және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі