Жас ғалымдар форумындағы сөзі

18 october, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Ж.Қ.Түймебаевтың жас ғалымдар форумындағы сөзі

 

Құрметті жас ғалымдар!

Білім алушылар!

Сіздермен жас ғалымдар және білімгерлердің ғылыми форумында кездесіп отырғаныма қуаныштымын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайта жаңғыртып, ұлттық мереке ретінде атап өтуді бекіткен болатын.

Еліміз үшін маңызды, айтулы мереке қарсаңында өздеріңізбен кездесудің ерекше маңызы бар.

Сіздер еліміздің болашағы, жаңа Қазақстанды құрушы жаңа буын өкілдерісіздер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақстан – дарынды жастар мекені.  

Бүгінгі жастар – ғылым мен технологияның қыр-сырын игерген өте білімді, алғыр.

Ертең еліміздің абыройын асыратын да осы талантты ұл-қыздар.       

Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», – деп айрықша атап өткен болатын.

Бұл – сіздерге артылған үлкен сенім әрі жауапкершілік.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды бәсекеге қабілетті жастар, өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ғана қалыптастыра алады.

Бұл бағытта университетте ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Жыл басында  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS WUR әлемдік рейтингінде 150-орынға көтерілді.

Біздің университетіміз QS Stars Rating System халықаралық рейтингінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болған Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны.

Биыл Үкімет қаулысымен ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді.

Мемлекет басшысының қолдауымен биыл Түркияның Ыстамбұл қаласында және Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында ҚазҰУ филиалдары жұмыс істей бастады.

Жақында ҚазҰУ-да  ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Ресейдің МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ҚазҰУ студенттері әлемнің беделді  университеттерінде білімін жетілдіруде.

Университетте заман талабына сай сұранысқа ие мамандықтар оқытылады.

Алдағы мақсатымыз – әлемдік деңгейдегі ұлттық зерттеу университеті дәрежесіне көтерілу.

 

Уважаемые молодые ученые,

участники форума!

В КазНУ работают более 300 молодых ученых в возрасте до 40 лет.

Многие из них прошли обучение и научные стажировки в ведущих университетах и центрах мира.

 Научные достижения наших молодых исследователей уже получили высокое признание в Казахстане и за рубежом.

Среди них 49 победителей проекта «Жас ғалым» Министерства науки и высшего образования.

Активно участвует в реализации научно-исследовательских программ и проектов в качестве руководителей.

Только в текущем 2022 году в рамках грантового финансирования молодых ученых выполняется около 60 проектов на сумму более 900 млн тенге.

 Это свидетельствует о высоком научно-инновационном потенциала нашей молодежи.

Одним из наиболее эффективных стимулов привлечения молодежи к научным исследованиям является премирование статей в высокорейтинговых журналах, входящих в базу данных Скопуса Q1-Q2.

К примеру, в прошлом году общий объем премирования составил порядка 175 млн тенге.

 

 

Құрметті жас ғалымдар, білім алушылар!

Өздеріңіз көріп отырғандай, университет жас ғалымдарды қолдау жүйесін одан әрі жақсартудың тиімді механизмдеріне қолдау көрсетуде.

Университеттегі факультеттер, кафедралар, ғылыми-зерттеу институттары, инновациялық зертханалар мен ғылыми орталықтардың барлығы сіздердің толыққанды білім алуларыңызға қызмет етеді.

Сіздерге білікті ғалымдардың көшбасшылық дәрісін тыңдап, мықты профессорлардан сабақ алу мүмкіндігі беріліп отыр.

Біздің басты мақсатымыз – жастарға сапалы білім беру, білікті ғылыми кадрларды даярлау, мемлекет дамуына қызмет ететін білікті мамандарды тәрбиелеу.

Алған білімдеріңізді ел игілігіне пайдаланып, биік мақсаттарға жетсеңіздер – бұл біздің жеңісіміз, университетіміздің абыройы.

Әрдайым оқуда, ғылымда, еңбекте көшбасшы болыңыздар!