Архившілер конгресінің диспут-сессиясындағы сөзі

19 october, 2022

Құрметті университетіміздің қонақтары!

Құрметті архивші мамандар, әріптестер,

білім алушы жастар!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қош келдіңіздер!

Бүгін Алматыдағы Достық үйінде I халықаралық архившілер конгресінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Конгресс жұмысы енді ҚазҰУ-да жалғасуда.

Бүгінгі диспут-сессиямыздың тақырыбы «Архивтер, музейлер және кітапханалар: ұлттық жадты сақтау міндеттерінің бірлігінде білім беру траекториясын өзгерту» деп аталады.

 Диспут-сессия жұмысына қазақстандық мамандармен қатар, шетелдік эксперттер, университетіміздің оқытушы-профессорлары мен білім алушы жастары қатысуда.

Сіздерге құрметті қонақтарды таныстырып өтейін:

Властимил САМЕК, Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі;

Сергей КАРПОВ, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының байланыс және ақпараттандыру бөлімінің басшысы;

Угур УНАЛ, Түркия Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік архивтер басқармасының директоры;

Нидал Ибрахим әл-АХМАД, Иордания Ұлттық кітапханасының бас директоры;

Бақытжан Берікбайұлы ТЕМІРБОЛАТ, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры;

Чо ЙИХЁН, Корея Ұлттық архивінің архивтік ынтымақтастық жөніндегі бөлім директоры;

Михаил ЛАРИН, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті құжаттаманы басқарудың автоматтандырылған жүйелері кафедрасының меңгерушісі.

ҚазҰУ-да жалғасын тауып отырған конгресс жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің архиві Халықаралық архивтер кеңесі бастамасымен өтуде.

Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және Алматы қаласы әкімдігі қолдау көрсетуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Архивтану және деректану» білім беру бағдарламасы 1991 жылдан бері  жұмыс істеп келеді.

Университет архившілер мен құжаттанушы мамандарды даярлауда жетекші орында.

Пікір бөлісіп, тәжірибе алмасу форматында өтетін диспут-сессия барысында архив ісін дамыту, тарихи-құжаттық мұраны сақтаудың өзекті мәселелері, деректанудың жаңа бағыттары талқыланатын болады.

 

Уважаемые гости!

 

Я рад приветсвовать вас в Казахском национальном университете имени Аль-Фараби!

Сегодня КазНУ совместно Архивом Президента Республики Казахстан в рамках I международного конгресса архивистов проводит диспут-сессию на тему: «Архивы, музеи и библиотеки: трансформация образовательных траекторий в единстве задач сохранения национальной памяти».

Цель мероприятия – создание площадки для взаимодействия и конструктивного диалога профессионального сообщества хранителей истории.

Обсуждение вопросов сохранения историко-культурного, документального наследия, генерация инновационных идей развитие архивов, реализация лучших архивных практик. 

В работе диспут-сессии вместе с отечественными архивистами и учеными примут участие эксперты и специалисты из  стран ЕС, Азии и СНГ, а также США.

Уверен, что обсуждения и встречи на площадке конференции будут способствовать возникновению новых продуктивных идей, и внесут весомый вклад в дальнейшее развитие архивоведения.

Желаю всем участникам плодотворной работы, конструктивного диалога и эффективного взаимодействия!

Сессия жұмысына табыс тілеймін!