Үздік студенттерге диплом табыстау рәсіміндегі құттықтау сөзі

5 july, 2022

Құрметті оқытушы-профессорлар қауымы,

докторанттар, магистранттар және бітіруші түлектер!

Мінеки, көзді ашып-жұмғанша оқу жылының соңына жетіп,

жас мамандарымызға диплом табыстау рәсіміне жиналып отырмыз.

Біздің университеттің дипломы әрқашан еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында:

«Ұлы Абай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп өсиет қалдырды.

Еңбекқорлық біздің негізгі құндылығымыз  болуы қажет. Оны ұлт сипатын айқындайтын асыл қасиетке айналдыруға тиіспіз.

 Табанды еңбек – еліміздің бәсекеге қабілетін арттыратын басты формуланың бірі.

Тіпті бірегейі деуге болады», – деп барша азаматтарға сенім жүктеген болатын.

Біздің бітіруші түлектеріміз көптен күткен дипломын алып, енді ерінбей еңбек ететін сәтке жетті.

Халқымыз «Еңбек – ырыстың бұлағы, бақыттың шырағы» деп бекер айтпаған.

Сол себептен жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы, табысты және сұранысқа ие маман болмақ.  

Өздеріңіз білетіндей, жақында оқу орнымыз әлемнің 150 үздік университеті қатарына енді.

Бұл ұжымның қажырлы еңбегі мен жоғары кәсіби ізденісінің жемісі.

Қара шаңырақ әрдайым жастарға сапалы біліммен қатар, тағылымды тәрбие беруді алға ұстайды.

Отаншыл, еңбекқор әрі интеллектуал жастар легін тәрбиелеуді басты ұстаным етіп келеді.

Нәтижесінде білім ордасын биыл 8058 түлек бітірді.

Оның ішінде 6180-ы бакалавр, ал олардың арасынан 1186 түлек үздік диплом иегері атанды.

Сондай-ақ 1462 жас биыл магистр дәрежесін алса, 376 ізденуші докторантураны, 40 маман интернатураны тамамдап, ғылыми дәреже алғалы отыр.

Бүгінгі бітіруші түлектеріміз арасында үздік студенттеріміз көп.

Олардың бір бөлігі қос диплом бағдарламасымен білім алса, бірқатары ТМД-ның үздік студенттері атанды.

Халықаралық, республикалық олимпиадалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары ортамызда отыр.

Қазақстан Гиннесстің рекордтар кітабына енген (Жамбыл Дүйсенов, жас ақын) және Шапағат» медалінің иегері, 100 үздік жас ғалым жобасының жеңімпаздары да бар.  

Бұл – сіздердің білімдеріңізді толықтырған оқытушы-профессорлардың еңбегінің жемісі.

Әрине, өздеріңіз де бұған зор күш салдыңыздар.

Сіздердің жетістіктеріңіз біз үшін үлкен қуаныш.  

Университет биылғы оқу жылын үлкен жетістіктермен қорытындылап отыр.

Жоғарыда айтып өткендей, QS жаһандық рейтингі бойынша университет 150-орынға шықты.

Өткен оқу жылында университетімізде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оқу ғимараттары мен жатақханалар жаңарды.

Жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Алдағы уақытта ҚазҰУ қалашығы құрылысының II кезеңін салу жоспарлануда.

Жобаға Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы қолдау білдіріп, ҚазҰУ-да қонақта болды.

Үздік студенттермен кездесті.

Сонымен қатар университетімізге Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл келіп, көшбасшылық дәріс оқыды. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісті.

Мамыр айында Қырғызстанның тұңғыш президенті, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бас ғылыми қызметкері, академик Асқар Ақаев келіп, көшбасшылық дәріс оқыды.

Бұдан бөлек, көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен көшбасшылық дәрістер ұйымдастырылды.

 

Дорогие выпускники КазНУ!

Благодаря истории, высокому уровню профессионализма преподавателей и ученых наш университет имеет глобальную конкурентоспособность.  

Сегодня КазНУ является единственным вузом в Казахстане и Центральной Азии, который вошел в Топ-150 лучших университетов мира.  

По итогам глобального рейтинга QS WUR, опубликованных 8 июня текущего года, КазНУ занял 150 место.

Сегодня университет имеет значительный потенциал для решения стратегических страновых и международных задач.  

Университетом установлены устойчивые партнерские отношения с ведущими зарубежными университетами ближнего и дальнего зарубежья.

12-13 мая текущего года в университете состоялся Первый международный форум ректоров стран Центральной Азии.

Подобные мероприятия способствуют созданию атмосферы взаимопонимания между представителями науки и образования, усилению процесса интернационализации.

В рамках форума между 19 вузами Центральной Азии и Казахстана были подписаны важные двусторонние программные документы и соглашения.

Основным вектором развития нашего университета является интернационализация.

В текущем учебном году в КазНУ занятия вели более 100 зарубежных профессоров и ученых из 30 стран мира.

По программе Министерства образования и науки привлечен 31 зарубежный ученый и 70 человек приглашены по инициативе университета.

Также свыше 40 профессоров нашего университета читали лекции за рубежом в университетах США, России, Турции, Венгрии, Германии, Монголии, Франции.

Буквально на днях я лично принимал участие на 8-м Заседании совета директоров на базе Университета Гренобль-Альп в городе Гренобль (Франция).

В рамках заседания мы подписали соглашения о двустороннем сотрудничестве с Университетом Бордо.

Также были заключены договоренности о расширении коллаборации с Университетом Гренобль-Альпы и Университетом Цукуба.

В КазНУ ежегодно растет контингент иностранных студентов.

Только в стенах КазНУ свыше 2,5 тысяч иностранцев из 30 стран мира учатся в бакалавриате, магистратуре и докторантуре.  

Мы всецело заинтересованы вопросами интеграции и развития международного культурно-образовательного сотрудничества Казахстана с развитыми странами.

Таким образом КазНУ вносит свой вклад в сотрудничество в области развития научных исследований и научно-образовательного сообщества Казахстана.

 

Дорогие выпускники!

Известный консультант в сфере тайм-менеджмента и бизнес-образования Брайан Трейси сказал: «Уверенность в себе – это основа всех крупных успехов и достижений».

Я бы хотел пожелать вам уверенности в вашей будущей профессиональной карьере.

 Вы получили прекрасное образование в одном из лучших университетов нашей страны и пусть диплом Казахского национального университета имени Аль-Фараби станет основой вашей конкурентноспособности и успеха как на национальном, так и на глобальном уровне. 

 

Құрметті бітіруші түлектер!

Дана халқымыз «Оқу инемен құдық қазғандай» деп текке айтпаған.

Сіздер қара шаңырақ қабырғасында білім алумен қатар, университетте өткізілген қаншама игілікті шаралардың бел ортасында жүріп, мол тәжірибе жинадыңыздар.

Өздеріңізді игілікті қоғамдық бастамалардың ұйымдастырушысы ретінде қалыптастыра алдыңыздар.

Тәуелсіз мемлекетіміздің игілігі жолында атқаратын кәсіби ізденістеріңіз бен зерделі еңбектеріңізге жемісті жетістіктер тілеймін.

Көшбасшы университетіміздің төл үлгісіндегі дипломдарыңыз құтты болсын!

Баршаңызға ақ жол тілейміз!