О.Сүлейменовтің 85 жылдығына орай, халықаралық конференцияда сөйлеген сөзі

17 may, 2021

Қайырлы күн, құрметті жиынға қатысушылар!

Аса қадірлі Олжас Омарұлы! 

Әл-Фараби  атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырып отырған «Олжас Сүлейменов – ақын және азамат» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қош келдіңіздер!

Көрнекті ақын,  ғұлама ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері  Олжас Омарұлы Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Өзінің жауһар жырымен,  кемеңгер даналығымен  әлемге танылған Олжас Омарұлының өмір жолы біздің университетімізбен тікелей байланысты.

Ең алдымен Олжас аға ҚазҰУ-дың 1959 жылғы түлегі, сонымен қатар  университетіміздің  құрметті профессоры.     

Дәуір дидарын сөз құдіретімен  кестелеп, мемлекетіміздің тәуелсіздік тұғырының беки түсуіне орасан зор еңбек еткен  тұлға.  

Олжас Сүлейменовтің поэзиясы замана тынысының тамыршысындай оқырманымен  біте қайнасып, жаңашылдығымен дараланды.    

1961 жылы сәуірде  адамзат баласының ғарышқа көтерілген сәтін  жаңа  дәуірдің   жаңғырығындай қабылдап,  «Адамға табын, Жер, енді» атты поэмасын жазды.

Жаңа туынды  кеңестік құрсаудың қамалын бұзып, Еуропа мен Американы аралап кетті.

Тарих тамырларына терең бойлаған ақынның  көшбасшылық  қасиетін,  қайталанбас  дауысын   Жер шарының көптеген аудиториялары естіді. 

 

Уважаемые участники конференции!

«Аз и Я» Олжаса Сулейменова раскрыла глубинные корни тюркской культуры.

Всю свою жизнь он боролся за истину.

Его произведения оказали влияние на духовное становление нескольких поколений мыслителей и простых людей.

Литературное и научное наследие Олжаса Омаровича, воспевающее такие человеческие ценности как любовь, честь, нравственность, и порицающее зло, зависть, безнравственность является духовным сокровищем нынешнего и будущих поколений.

В сокровищницу мировой литературы вошли такие шедевры Олжас Омаровича  как «Атамекен», «Аргымаки», «Айналайын», «Круглая звезда» и другие.

Читая его произведения, мы понимаем, что Олжас Омарович как  истинный мастер слова, писатель видит проблемы общечеловеческого масштаба.

Он подобно художнику, сеющему семена добра и  добродетели.

На сегодняшний день он является одним из самых известных поэтов казахской земли.

Его труды известны и почитаются не только в нашей стране, но и во многих странах мира.

 Ведущие мировые интеллектуалы выражали ему слова рпизнания.

Очевидно, что эпоха расцвета не только национальной литературы, но и мировой культуры в целом и искусства слова в частности, будет индивидуализирована автографом Олжаса Сулейменова.

Поэтические и научные открытия Олжаса Омаровича продолжаются и по сей день.

Его «1001 слово» стали своеобразной поэтической формулой постоянного поиска и творчества.

Олжас Омарович изучает закономерности образования слова и языка и делает новые выводы о их происхождении. Изучая происхождение шумерских, древнеегипетских и древних китайских иероглифов, ученый раскрыл тайны истории и культуры человечества и бросил вызов теории западных ученых о том, что «древний язык происходит от индоевропейских языков».

 Его исследования «Глиняная книга», «Язык письма», «Тюрки в доистории», свидетельствовали о фрагментарности личности писателя, о глубине его мысли.

Общественный деятель Олжас Омарович, внесший неизмеримый вклад в укрепление нашего независимого государства, также неустанно трудился во имя единства нашего народа.

Мастер поэтического слова всегда подавал пример гражданственности и мудрости в отстаивании интересов страны.

Поэт стал вестником мира на земле, возглавив движение «Невада-Семипалатинск» за ликвидацию ядерного оружия, ставшего трагедией для человечества.

Он принимает активное участие в государственной и общественно-политической деятельности.

 

Құрметті жиынға қатысушылар!

Алаштың ардақтысына айналған азамат ақын, елшіл тұлға Олжас Омарұлы  халқымыздың бірлігі мен келісіміне сүбелі үлес қосты.

Қарымды қаламгер  әдебиетіміз  мен мәдениетіміздің  әлемдік деңгейге  көтерілуіне де көп еңбек сіңірді.

Еліміздің мақтанышы, даңқты түлегіміз университетіміздің де өркендеуіне, оның әлемдік деңгейде танылуына зор ықпал етті.

ҚазҰУ-дың әлем университеттері арасындағы QS  рейтингінде биіктен көрініп, мерейін асыруда  оның еңбегі ұшан-теңіз.

Біздің университеттің әлеуметтік миссиясы адамзат болашағына жауапты өз заманының білімді де білікті азаматтарын қалыптастыру болып табылады.

Мерейтойлық іс-шаралар аясында университетте дөңгелек үстелдер,  спорттық турнирлер,  кітап көрмелері өткізілді.

География факультетінде  оқу-практикалық аудиториясы, ҚазҰУ мұражайында  ақын туралы  экспозиция ашылды.

Бар саналы ғұмырын ұлт мұратына, Отанына арнаған  аса көрнекті  қаламгер, қоғам және мемлекет  қайраткері  Олжас Омарұлы Сүлейменовтің  85 жылдығы баршамызға құтты болсын!

 Ақын мерейтойына арналған бүгінгі  халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның жұмысына  сәттілік тілеймін.