Қырғыз Республикасының Тұңғыш Президенті, академик А.Ақаевтың көшбасшылық дәрісінде сөйлеген сөзі

21 june, 2022

ҚҰРМЕТТІ  АСҚАР АҚАЙҰЛЫ!

Майрам Дүйшенқызы!

Урматту бир туган кыргыз боордоштор!

Құрметті университет қонақтары!

Оқытушы-профессорлар, білім алушы жастар!

Қырғызстанның тұңғыш президенті, Ресей ғылым академиясының академигі, профессор, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Ақаев Асқар Ақайұлы біздің шақыртуымызбен арнайы келіп отыр.

 

УРМАТТУУ АСКАР АКАЙ УУЛУ!

Биздин чакырганыбызды кабыл алганыңыз үчүн сизге чоң ырахмат айтабыз.

Боордош казак элине, Аль-Фараби атындагы Казак улуттук университетине кош келдиңиз!

Асқар Ақайұлы осыдан бір күн бұрын Әл-Фараби кітапханасында ғылыми қауымдастық пен зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

«Көне дәуірден бергі демографиялық даму көрсеткіші және адамзат болашағы» деген тақырыпта көшбасшылық дәріс оқыды.

Жүздесуге келген қонақтарымыз, университет ғалымдары мен жастары үшін өте пайдалы әрі мазмұнды, кең ауқымдағы  

дәріс болды.

Бүгінгі дәріс «Цифрлық экономика: нұсқалар мен болжамдар» тақырыбын қамтиды.

Бірінші көшбасшылық дәріс күні Ғылыми кеңес шешімімен Асқар Ақайұлына «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрметті профессоры» атағы берілді.

 

ҚҰРМЕТТІ УНИВЕРСИТЕТ ҚОНАҚТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, БІЛІМ АЛУШЫ ЖАСТАР!

Өздеріңіз білесіздер, университетімізде қазақстандық және шетелдік танымал тұлғалардың көшбасшылық дәрістері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Өткен жылы Түркия Республикасының экс-президенті, тәжірибелі саясаткер Абдулла Гүл мырза қонаққа келді.

ҚазҰУ ғалымы, физика-математика ғылымдарының докторы, АҚШ-тың Уэйн университетінің профессоры, математик Уалбай Өмірбаев тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Қанат Саудабаев, экономика ғылымының докторы, дипломат Берлин Иришев, дипломат Дулат Қуанышевтар көшбасшылық дәріс оқыды.

 

УВАЖАЕМЫЙ АСКАР АКАЕВИЧ!

Уважаемые гости!

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби является высшим учебным заведением, вошедшим в Топ-200 лучших университетов мирового рейтинга QS.

8 июня, были опубликованы итоги международного рейтинга QS WUR  этого года.

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби за год поднялся с 175-го место на 25 позиций и занял 150-е место. Это большой показатель для нас.

КазНУ доказал свою лидирующую позицию не только среди вузов Казахстана, но и в странах Центральной Азии и СНГ.

Сегодня мы усилили наши международные связи и начали процесс трансформации КазНУ в национальный исследовательский университет.

9 мая этого года мы открыли филиал Казахского национального университета имени Аль-Фараби в г. Стамбул, (Турция).

При специальном участии Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Кемеловича Токаева 26 мая в столице Кыргызской Республики Бишкеке, был открыт филиал КазНУ.

1 июня Глава государства посетил с официальным визитом КазНУ.

Касым-Жомарт Кемелович ознакомился с планом модернизации КазНУ.

 

АСА ҚҰРМЕТТІ  АСҚАР АҚАЙҰЛЫ!

Көшбасшылық дәріс оқу үшін сөз кезегін өзіңізге береміз.