ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ

2 наурыз, 2023

2023 жылдың 2 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар" ҒЗИ, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы "6в04205-құқық қорғау органдары" және "6В04202-Мемлекеттік қызмет" мамандықтарының 4 курс студенттері үшін "Саналы үрпақ" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Токушев К.А.  кездесу ұйымдастырылды
      Кездесу барысында К. А. Токушев болашақта өз қызметін мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін студенттермен мемлекеттік қызметке қабылдау ережелері туралы ақпаратпен бөлісті және адалдықтың, әділдіктің, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділіктің маңыздылығы және осындай қасиеттердің жалпы қоғамға әсері туралы айтты. Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі туралы мәселелер талқыланды. Бұл кездесу студенттер үшін үлкен тәрбиелік және практикалық маңызға ие болды.