
Комплаенс-бақылау қызметі 2025 жылғы 31 наурызда университетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының ережелерін түсіндіру мақсатында қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін семинар өткізді.
Семинарда Басқарма Төрағасы – ректордың кеңесшісі э. ғ. д., профессор С. Ө. Нұрғисаев және Қызмет басшысы А. А. Амандықова сөз сөйлеп, жиналғандарды қызмет жұмысымен таныстырды, құрылымдық бөлімшенің мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді, сондай-ақ университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының ережелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралдарын, сондай-ақ халықаралық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу практикасын егжей-тегжейлі атап өтті.Семинарға қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Басқа жаңалықтар


