«Сыбайлас жемқорлықтан тыс Университет» семинары
Комплаенс-бақылау қызметі университеттің заң факультетімен бірлесіп, «Саналы ұрпақ» студенттік клубының қатысуымен ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыс шеңберінде «Сыбайлас жемқорлықтан тыс Университет» тақырыбында семинарлар өткізді.
Іс-шаралар университеттің барлық факультеттерінің бірінші курс студенттері үшін ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде Комплаенс-бақылау қызметінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ шақырылған спикерлер: ректордың кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Нұрғисаев Серікбай Орықбайұлы және заң ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасының оқытушысы Смағұлова Санрай сөз сөйледі.
Тыңдаушылар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі аспектілерімен танысты, университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ішкі нормативтік актілер мен қолданыстағы құралдарға шолу алды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы хабардар болды және Комплаенс-бақылау қызметінің жұмысы туралы толығырақ білді.
Мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудың және студенттік ортада парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеудің тиімді құралдары болып табылады.