Комплаенс мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары
Комплаенс-бақылау қызметі 2024 жылғы 3 маусымда өткен апталық кеңесте комплаенс-бақылау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кеңес операциялық қызмет жөніндегі проректор м.а. Е.Дүйсеновтің төрағалығымен факультет декандары мен университеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтті. Кеңеске қатысушылар Қызметтің функционалдық бағыттары, қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мүдделер қақтығысы ұғымы туралы ақпаратпен танысты. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сияқты алдын алу шаралары туралы баяндалды.Кеңес соңында қатысушыларға жүргізілген жұмыстың нәтижелері ұсынылып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы хабардар етілді.