"ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ" ФОРУМЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Саналы Ұрпақ" клубы мен комплаенс-бақылау қызметінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби кітапханасының "Абай" залында "Жастар және қазіргі заманның өзекті мәселелері" тақырыбында жастар форумы өткізілді. Форумда келесі мәселелер қаралды:
- студенттердің білім сапасына қанағаттануы,
- студенттердің желілік маркетингке деген қызығушылығы,
- "қызмет үшін немесе ақша үшін диплом?».
Студенттер өз ойларымен бөлісті, қоғамның өзекті мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді, сұрақтар қойды.
Форумның қонақтары-жастармен жұмыс департаментінің Педагог-психологы Тастанов Амангелді, Тұран университетінің саналы ұрпақ ұйымының басшысы: Руслан Анель болды.
Форумға барлық жастар ұйымдарының студенттері және факультеттерден келген білім алушы белсенділер қатысты.