Осы университетте оқығанымды мақтан тұтамын
Мені әрдайым басқа елде алмасу бойынша оқу мүмкіндігі қызықтырды. Мен өз университетімде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен қосдипломдық білім беру бағдарламасының бар екенін білген бойда осы мүмкіндікті пайдаланып, «7M05305- Техникалық физика (АТМО университеті)» магистратурасының білім беру бағдарламасына оқуға түстім. Бірінші семестрде біз Санкт-Петербургтегі АTMO университетінде оқыдық. Екінші семестрде Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де курстастарыммен оқуға бірге келдік.
Алматы қаласынан және университеттен алған әсерлер ұмытылмас! Жылы қарсы алу, жетілдірілген инфрақұрылым және ыңғайлы орналасу мұнда оқу мен тұруды өте ыңғайлы етеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS World University Rankings 2023 рейтингінде 150-ші орынға ие.
Қазіргі таңда физика-техникалық факультетінде магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша білім алудамын, бұл болашақта жоғары оқу орнында сабақ беруге мүмкіндік береді. Оқыту бағдарламасы теориялық түрде өтілген материалды бекітетін практиканы қамтиды, сонымен қатар баға жетпес тәжірибе береді. Мамандыққа қатысты негізгі пәндермен қатар шет тіліне, техникалық ағылшын тіліне де мән беріледі. Мұның бәрі халықаралық мансап үшін мүммкіндіктер береді және шекараларды кеңейтеді.
Сонымен қатар, студенттерге мотивациялық қолдау көрсетіліп, бейімделуіне көмек көрсетіледі. Әртүрлі педагогикалық ұжым, көптеген жас оқытушылар. Мұнда олар белсенділікті, бастаманы және өршіл бастамаларды қолдайды. Мысалы, ағылшын тілінде пікір алмасу клубын құру идеясы пайда болған кезде мен деканатқа жүгіндім, олар мені белсенді түрде қарсы алып, осы жобаны жүзеге асыруға көмектесті.
Сондай-ақ университет ғылыми орталық болып табылады және әртүрлі ғылыми конференцияларға қатысуға, презентациялар жасауға, идеялармен, жобалармен және зерттеулермен бөлісуге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді.
Студенттік қалашық немесе «КазГУград» деп аталатын жер туралы айтар сөзім көп. Бұл өте таза, жайлы және қауіпсіз орын, таулардың әдемі көрінісі бар, сонымен қатар Ботаникалық бақтың жанында орналасқан. Мұнда серуендеу бір ғанибет.
Жатақханадағы жағдай тіпті талғампаз студенттерді де бей-жай қалдырмайды. Әр бөлмеде жеке жуынатын бөлме бар. Әр қабатта электр плиталары бар ас үй, оқуға арналған оқу залдары, ал егер заттарды жуу керек болса, кір жуғыш машиналар және демалысқа арналған қажеттінің бәрі бар. Мейірімді қызметкерлер тазалық пен тәртіпті сақтайды, кез келген тұрмыстық мәселелер тез шешіледі.
Ең бастысы Әл-Фараби кітапханасы туралы айтып кету керек. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңашыл, әдемі ғимарат, көрнекі кітапхана, оқуға арналған компьютер бөлмесі, кафе, мұражай, конференц-зал, т.б. Мен ол жақтан бос қайтқым келмейді, мен ол жерде уақытымды пайдалы өткізгім келеді.
Университеттің барша ұжымына баға жетпес еңбектері мен шексіз шыдамдылығы үшін алғысымды білдіремін және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқитынымды мақтан тұтамын.
Николай Морозов,
"7M05305-Техникалық физика (АTMO ҒЗУ)" қосдипломдық білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты