«ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ» ЖӘНЕ «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР ЖОБАСЫ

3 қараша, 2022

2022 жылдың 3 қарашасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында «Жақсылықтың жаршысы» және «Қайырымды Қоғам» республикалық еріктілер жобасы аясында салықтық және әкімшілік дауларды шешу бойынша Қазақстан Республикасының заң клиникаларына арналған әдістемелік әзірлемелердің тұсаукесері өтті.

 

Іс-шараның мақсаты: Жақсылықтың жаршысы насихаттау, экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының азаматтары үшін (карантиннен кейін) шағын бизнесті ашуға арналған әдістемелік меңгеруге дағдыландыру.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы карантин жарияланғанға дейін Алматы қаласы Бостандық ауданының халыққа қызмет көрсету орталығында заң клиникасы ерікті түрде заңгерлік қызмет көмегін көрсетті және бұл үрдіс болашақта да жалғасын табады. «Жақсылықтың жаршысы» және «Қайырымды Қоғам» республикалық еріктілер жобасы аясында қашықтықтан кеңес беруге көшу.