«Кәріс тілінің іскерлік курсы» ашылғалы жатыр

8 қыркүйек, 2023

     2023 жылдың 28 шілдесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде «Faraby study» орталығы мен «Адам ресурстарын оқытудың жаһандық орталығы» (Корея Республикасы) арасында «Корей тілін оқытудың іскерлік курсы» бойынша өзара түсіністік туралы, профессор Ли Бёнг Джо мен Абаған Ақеркенің (іскерлік курс орындаушысы: Қиыр Шығыс (корейтану) кафедрасы) жетекшелігімен меморандумға қол қойылды.

     Соңғы кездері Қазақстан мен Корея үкіметтері арасында жұмыс күшін жіберу және қабылдау мәселесі бойынша талқылау жүргізілуде. Нәтижесінде Кореяда жұмыс істегісі келетін қазақстандықтарға ресми рәсімдер арқылы Кореяда жұмыс істеу құқығына кепілдік беріледі. Оның орнына Кореяға жіберілетін жұмысшылар Қазақстандағы оқу орындарында белгілі бір уақыт аралығында негізгі корей тілі курсынан өтуі керек. «Жаһандық адам ресурстарын оқыту орталығы» Қазақстан ішінде жұмысқа қабылдау және жұмысшыларды Кореяға тұрақты түрде жіберуге, ал Қиыр Шығыс департаменті жұмысшыларды базалық корей тілін оқытуға жауапты болады.

     «Корей тілін оқытудың іскерлік курсы» ақылы курс болып, оған Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылары тікелей қатысады. Бұл жобаның маңызы зор, себебі ол тұрақты жоба және ақылы іскерлік курсы болғандықтан, ол кафедраға пайда әкеліп, елдегі кафедраға мәртебесін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.