Алматы қаласындағы Иран Мәдени өкілдігінің басшысымен кездесу өтті

21 қыркүйек, 2023

Тұрақты даму мақсаттары  (ЦУР) жобасының негізінде атқарылатын іс-шара аясында 19-қыркүйекте Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасына Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдіктің басшысы Хусейн Ағазаде мырзамен кездесу өтті. Кездесуде мәртебелі мейман Қазақстан мен Иран арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуда мәдениет пен экономиканың аса маңызға ие екенін айта келіп, осы қатынастарды дамытуға ат салысатын болашақ мамандарды дайындап отырған шығыстану факультеті ирантану бөлімінің рөлін атап өтті. Ағазаде мырза ирантану бөлімі оқытушылары мен студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, арнайы сыйлықтар тапсырды. Шараға факультет деканының орынбасарлары Ү.Ә. Әмірбекова, С.Т. Джакубаева, кафедра меңгерушісі Д.М. Көкеева, кафедра оқытушылары мен ирантану бөлімінің студенттері қатысты.