ТДМ-3: Суицидпен күресу шаралары тақырыбында семинар өтті
Алматы қаласы әкімдігі Жастар саясаты басқарамасы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әлеуметтік даму және жастармен жұмыс жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Өмір – ең басты құндылық» жобасы аясында «Суицидпен күресу шаралары» атты куратор-эдвайзерлерге семинар өткізілді.
Суицид – бұл нақты психикалық проблемалардың салдарынан туындайтын қоғамдағы қауіп-қатердің бірі болып отыр. Түрлі әлемдік факторлардың да әсерінен тұлғаның мінез-құлықтары өзгеріске ұшырауда. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан азаматтарының өз өмірлерін қиюы бойынша алдыңғы орында. Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері. Ішкі күйзелістерді жеңудің жолы ретінде осындай адам сенгісіз әрекеттерге баруы өкінішті.
Жалпы жастардың арасында қоғамда бар суицид мәселесінің алдын алу жұмыстары жыл бойы жалғасады.