Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті университеттің спорт клубымен бірлесіп жоғары оқу орнында тұрақты даму мақсаттары бағдарламасын (БҰҰ) іске асыру аясында факультет оқытушылары мен студенттеріне арналған йога сабақтарын өткізді. Шараны Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы мен Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы ұйымдастырды.
Cтуденттер мен оқытушылардың белсенді қатысуымен өткен йога сабақтарын ҚазҰУ спорт клубының тәжірибелі нұсқаушылары жүргізді. Сабақта әртүрлі дене жаттығулары, медитация және тыныс алу жаттығулары көрсетілді. Әр жаттығу қатысушылардың ақыл-ойын тыныштандыруға, дене бітімін шынықтыруға көмектеседі. Бұл – өз кезегінде оқу мен жұмыс кезінде болатын күйзелісті жоюдың тәсілдерінің бірі.
«Бұл сабақ біздің білім берудегі рухымызды жігерлендіріп, ерекше бір үйлесімділік орнатқан ұмытылмас шара болды. Физикалық және психологиялық артықшылықтардан басқа, йога жаттығулары қатысушылар арасында тығыз байланыс орнатуға ықпал етті. Шараға барлық қатысушылар йогадағы тәжірибе деңгейлеріне қарамастан, өздерінің алған әсерлері мен үйренген әдістерімен бөлісті», – деп атап өтті қатысушы, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Альбина Мәулетқазықызы.
Іс-шарада университеттік білім беру қауымдастығының денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасаудың маңыздылығы да атап өтілді. Ұйымдастырушылар студенттер мен оқытушылардың физикалық және эмоционалдық әл-ауқатын қолдау, сондай-ақ ТДМ-ның «Жақсы денсаулық пен әл-ауқат» мақсаттарын насихаттау үшін йога жаттығуларын жалғастыруды жоспарлап отыр.
Аталмыш шара физикалық белсенділікпен айналысу ғана емес, сонымен бірге қатысушылардың бір-біріне қолдау көрсетуі мен йоганы күнделікті өмірде қолдануға берілген мүмкіндік болды. Әртүрлі жаттығулар барша қатысушыларға ұмытылмас сәттер сыйлап, оларды оқу мен жұмыстың қарбалас уақытында үйлесімділік пен тепе-теңдікті бағалауға үйретті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі