Тұрақты даму үшін бейбіт және инклюзивті қоғамдарды ілгерілету, барлығының сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және бірлескен институттарды құру

5 қазан, 2023
Бейбіт, әділ және инклюзивті қоғамдар құру Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін маңызды. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдар зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорықпай, этникалық тегіне, дініне қарамастан өз өмірлерін қауіпсіз сезінуі керек.

            2023 жылдың 2 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы клиникалық пәндер оқытушыларымен денсаулық сақтаудағы құқықтық қорғаудың құқықтық аспектілері бойынша онлайн кездесу ұйымдастырып, өткізді. Кездесуді  интерактивті форматта кафедра доцентінің м.а., PhD докторы, тәуелсіз сарапшы, заңгерлік кеңесші Ауезова Эльмира Тугелбаевна өткізді.

         Кездесу барысында клиникалық пән оқытушылары медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау сұрақтарын, сонымен қатар тәжірибеде жиі кездесетін мәселелерді көтерді.

         Мамандандырылған қызметтердің қызметін реттейтін құқықтық актілердің жетілдірілмегендігі туралы қозғалды.

         Тез арада шешуді талап ететін көптеген мәселелер бар, алайда, оларды сәйкестендіру туралы шешім қабылдау уақытты қажет етеді.

         Медицина факультетінде оқитын студенттерді сапалы дайындау үшін профессорлық-оқытушылық құрам үнемі өз біліктілігін арттырып отырады, қазіргі уақытта өте өзекті болып отырған құқықтық мәселелерді зерттеуге де уақыт бөледі.