ТДМ-5: «Miss Almaty-2023» сұлулық байқауы
Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастырумен жыл сайын өткізілетін «Miss Almaty-2023» сұлулық байқауына 2023 жылдың ақпан айында іріктеу кезеңі өткізілген болатын.
Іріктеу кезеңіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының "Халықаралық журналистика" мамандығында білім алып жүрген 2-курс студенті Нарымби Айша бағын сынаған болатын. Жалпы конкурсқа 500-ден аса үміткер қатысты. Сол қыздардың ішінен Нарымби Айша финалға 9 қыздың бірі болып суырылып шықты.
Ақпан айынан басталған байқау қыркүйек айында өз мәресіне жетті. Үздік төрттіктің қатарынан табылған Нарымби Айша “VICE MISS ALMATY-2023” атағын алып, “Мисс-Қазақстан” байқауына жолдама алды.
Сонымен қатар, “Lady Congeniality” номинациясына ие болды.
Әлеуметтік жұмыс және жастар ісі департаментінің директоры Есімова Жұлдыз Дәпенқызы жеңімпазды арнайы шақырып құттықтады. ҚазҰУ-дың мерейін асқақтатып, талантымен өнерін паш етіп жүргені үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар Айшаның кураторы Жетпісбаева Мейіргүл Сәрсенбайқызына да осындай шәкірттердің жетістіктері көп болсын деген тілегін білдірді.