Тұрғындарға амбулаторлық-емханалық көмекті ұйымдастыру

12 қазан, 2023

Қазақстандағы орнықты даму мақсаттарын (4-ші мақсат "Сапалы білім беру") іске асыру үшін 04.10.2023 ж. сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін  "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша 4-курс студенттері куратор, қауымдастырылған профессор С. А. Кошкимбаеваның жетекшілігімен және № 7 емхананың қызметкерлерімен бірлесе отырып "Тұрғындарға амбулаторлық-емханалық көмекті ұйымдастыру" тақырыбы бойынша семинар өткізді.

Дуальді оқыту жүйесін оқу процесінде қолдану тәжірибесі бірқатар артықшылықтарын көрсетуде. Ол дәстүрлі оқу түрлерінде кездесетін негізгі кемшілікті, теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жояды. Бұл жүйенің механизмінде маманның жеке тұлғасына әсер ету, болашақ маманның психологиясын өзгерту орын алған. Білім алушыларда білім алу мен дағдыға ие болуға деген үлкен мотивация, қажеттілік туындайды. 

 Осыған орай өткізілген семинар барысында студенттер теория жүзінде алған білімдерін іс жүзінде емхана мамандарының бөліскен ақпараттарымен бекітті. № 7 қалалық емхананың құрылымымен және тұрғындарға көрсетілетін амбулаторлық-емханалық жұмыстың ұйымдастырылуымен танысты. Әр бөлім дәрігерлері мен медбикелері пациент маршруты бойынша тұрғындарға көрсетілетін көмектің ұйымдастырылу принципімен таныстырды.

Бүгінгі таңда еңбек нарығының сұранысына сай білімді де, білікті және жұмыс орындарында талап етілетін құзыреттерді меңгерген болашақ мамандарды даярлауда білім берудің икемді, бейімделгіш жүйесі ғана заман талабына сай қызметін жалғастыратын болады. 

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "N7 қалалық емханасы" ШЖҚ КМК директоры Асен Айгүл Асенқызына "Халыққа амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдастыру" тақырыбы бойынша семинар өткізуге көмектескені үшін алғыс білдіреміз.