Білім беру саласындағы жаhандық серіктестік: Қазақстан және Қытай

28 қазан, 2023

2023 жылдың 20 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасы «Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму мақсаттары» жобасы аясында «Білім беру саласындағы  жаhандық серіктестік: Қазақстан және Қытай» дөңгелек үстел өткізді.

Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к., профессор м.а. Бимендиевa Л.А., және Экономика кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор м.а Даулиевa Г.Р. алғы сөздерінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінің, Экономика кафедрасының негізгі қызметтері мен даму перспективаларына тоқталды.

Дөңгелек үстелде Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің Қазақстан-Қытай ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Вэй Фэн (Қытай) «NORTHWEST A&F UNIVERSITY мысалында Қытайдағы білім беру жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбына баяндама жасап, қатысушыларға Қытайдағы осы университет туралы бейнеролик көрсетті. Профессор Қазақстан-Қытай зерттеу орталығының қызметі туралы презентация жасады. Бұл кездесу тұрақты дамудың 4-ші және 17-ші мақсаттарына - тұрақты даму мүддесі үшін сапалы білім мен серіктестікке қол жеткізуге ықпал етеді.

Дөңгелек үстелге «Экономика» кафедрасының 1 және 2 курс магистранттары, студенттері және профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Университеттер арасындағы білім және ғылым саласындағы әріптестік мәселелерін талқылау барысында ынтымақтастық туралы меморандум жасау туралы шешім қабылданып, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары белгіленді.