ТДМ-4: Студенттер мен оқытушылар Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барды

30 қазан, 2023

Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының студенттері мен оқытушылары "Алматы - театр" іс-шаралар циклін жалғастыра отырып (БҰҰ ТДМ №4 "сапалы білім беру" шеңберінде) Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына барды.

Ақберен Елгезектің  «Болмаған балалық шақ» шығармасына негізделген спектаклінің қойылымы көрермендерге қиын балалық шақтың тарихын өнер тілімен жеткізеді.  Өмірлік қиындықтарға мойымай, қиындықтарды жеңетініне сенімді жастар бейнесін бейнелейді. 

Көрермендер қойылымнан қатты әсер алды  және шабыттанды. Баланың өмір тарихы, оның өмірдегі қиындықтармен күресі және жақсылыққа ұмтылуы ұмытылмас әсер қалдырды. Әртістер шығарманың эмоциясы мен терең мағынасын жеткізіп, аудиторияны ерік-жігер, жанашырлық, арманға адалдық және қиындықтарды жеңуге табандылық туралы ойлауға шақырды.
Бұл спектакль адамгершілік пен ізгілікті түсіндіреді.