- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазіргі тілтанудағы негізгі трендтер мен принциптер» тақырыбында ғылыми семинар өтті
«Қазіргі тілтанудағы негізгі трендтер мен принциптер» тақырыбында ғылыми семинар өтті
31 қазанда шығыстану факультетінде қытайтану кафедрасының профессор м.а. Фатимабибі Ноғайқызы Дәулеттің ұйымдастыруымен «Қазіргі тілтанудағы негізгі трендтер мен принциптер» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Семинар барысында Фатимабибі Ноғайқызы заманауи тілтануындағы интегративтілік, антропоцентризм, дискурсивтілік, мәдениетке бағытталу секілді тіл мен адам менталитетінің байланысын, тілдің семантикалық негіздерін тереңдеп түсінуге мүмкіндік беретін бағыттарға ерекше тоқталып өтті. Тілтанушы ғалым әсіресе тілдің танымдық болмысын зерттеуге бағытталған когнитивтік лингвистиканың заманауи трендтері мен өзекті зерттеу тәсілдеріне арнайы тоқталып өтті. Семинар ұйымдастырушы концептуалды талдаулар, семантикалық-когнитивті және ассоциативті әдістерді кешенді қолдану мәдени кодтардың тілдегі бейнесін зерттеудің негізгі әдістері болып табылады. Семинарға қатысқан факультет мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар жарыссөз барысында тілдің мәдени кодтарын (зооморфты кодтар, рухани мәдениет кодтары, гендер кодтары, соматикалық кодтар т.б.) когнитивті механизм ретінде талдау адамның санасына және оның концептосферасына қол жеткізуді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге үштағанның - тілдің, сананың және мәдениеттің өзара байланысы мен әсерін барынша толық ашуға мүмкіндік беретін өзекті құрал болып табылатынын айрықша атап көрсетті.