«Сөз этикеті және келіссөз тәжірибесі»

2 қараша, 2023

1 қараша күні қытайтану кафедрасының профессор м.а. Фатимабибі Ноғайқызы Дәулет «аударма ісі» мамандығы бойынша оқитын 1 курс магистранттарының қатысуымен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Сөз этикеті және келіссөз тәжірибесі» пәні бойынша ашық сабақ өтті. Ашық сабақ келіссөздер тәжірибесінде сөйлеу этикетінің формаларын қолдану ерекшеліктерін таныстыруға арналды. Сабақтың кіріспе бөлімінде магистранттар сөйлеу этикеті барысында алдыңғы сегіз аптада алған білімдерімен бөлісті. Одан әрі сабақ жоспарына сәйкес магистранттар үй тапсырмасына берілген мәтінді талдап, оның ішіндегі сөздер, сөз тіркестері және мәтінден тұратын этикет формаларын анықтады және оларға аударма жасады. Сабақтың негізгі бөлімінде профессор магистранттарға жаңа мәтін ұсынып, ол стилистикалық жағынан талданды, сонымен бірге мәтінде қолданылған сыпайылық стратегиялары анықталды. Сабақтың қорытынды бөлімінде магистранттар сабақ барысында меңгерген лингвомәдени ақпараттарға тоқталып, этикет формулалары тек сөздер мен сөз тіркестерінен ғана тұрмайтынын, сонымен бірге тыныс белгілері мен еліктеуіш сөздердің де қатысуымен жасалатынына көз жеткізгенін атап өтті. Ашық сабақты талқылау барысында кафедра оқытушылары қытай тілін жоғары дәрежеде сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін Фатимабибі Ноғайқызы сабақ барысында қолданған коммуникативтік құзыреттілік әдісі (грамматикалық құзіреттілік, оқырмандық құзіреттілік, стратегиялық құзіреттілік, мәдени-танымдық құзіреттілік), кейс әдісі, brainstorm әдісі, заманауи компьютерлік және ақпарат технологияларын қолдану әдістері теориялық ақпараттарды игеруді жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге, бұл әдістер студенттердің шет тілдерін одан әрі оқуға деген ынтасын арттыруға қосар үлесі мол екендігін атап көрсетті.