Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР)» (Мақсатқа жету жолындағы серіктестіктер ) жобасының негізінде. Бүгін 09.11.2023 Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының үндітану бөлімінде Пәкістанның ұлттық ақыны, ұлы ойшылы Мухаммад Иқбал күні атап өтілді. Иқбалдың ислам мәдениеті мен руханиятының жаңғыруына қосқан үлесі шынымен де өлшеусіз. ХХ ғасырдың бас кезіндегі жаңа мұсылман ренессансы басында болған ұлы ақын және ойшыл, бүгінде Пәкістанның «рухани көсемі» саналады. Мерекелік іс-шарада бөлім оқытушылары, магистранттармен қатар ҚазҰУ медицина факультеті мен ҚазҰМУ жалпы медицина факультетінің студенттері де ат салысты. Quasar Urdu Society тілдік клубының мүшелері Иқбалдың өлең-жырларын оқып өмірбаянымен бөлісті. Іс-шараның негізгі мақсаты Аллама Иқбалдың еңбектері арқылы жастардың ой-өрісін кеңейту болды. Іс-шара соңында оқытушылар мен студенттер ПИР консулы Мухаммад Фаруқ мырзамен естелік суретке түсіп, жылы лебіздермен алмасты.