ТДМ 17 – Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестіктер іс-шарасын өткізді. Тақырыбы – «Мұсылман еліндегі адам ресурстарын басқарудың исламдық тұжырымдамасы».

10 қараша, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі 2023 жылдың 9 қарашасында сағат 15:00-де 201 аудиторияда Даруссалам Гонтор (Индонезия) университетінің ректоры доктор К. Хамид Фахми Заркаси және PhD докторымен, профессор Ахмад Афанди Махмудз тұрақты даму мақсаттары шеңберінде ТДМ 4: Сапалы білім, ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», ТДМ 17 – Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестіктер іс-шарасын өткізді. Тақырыбы – «Мұсылман еліндегі адам ресурстарын басқарудың исламдық тұжырымдамасы».

Баяндама бойынша доктор К. Хамид Фахми Заркаси (Парадигма, ШОБ-ті түсіну) және Ахмад Афанди Махфудз сөз қозғады. Вебинардың мақсаты исламдық көзқарас тұрғысынан HR-менеджмент тұжырымдамасын зерттеу және Индонезия мен Қазақстанда HRS енгізу бойынша идеялар мен ақпарат алмасу болды.

FOCUS GROUP DISCUSSION (FGD) студенттер, магистранттар, докторанттар, оқытушылар, тәжірибешілер (компанияның HR менеджері, ұйымдық HR менеджері, колледждің HR менеджері) және реттеуші органдар сияқты мақсатты аудитория үшін ұйымдастырылды. Вебинар бәріне өте қызықты болды, себебі келесі сұрақтар талқыланды:

1. IHRM концепциясы: философия, парадигма, түсінік.

2. Қазақстандағы персоналды басқаруды реттеу.

3. Қазақстан мен Индонезиядағы IHRM тәжірибесі: қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, іріктеу, коучинг, өкілеттіктерді кеңейту, зейнеткерлікке шығу.

Вебинардың күтілетін нәтижелері:

1. Адам ресурстарын басқарудың исламдық концепциясына шолу жасау.

2. Қазақстанда IHRM енгізу тәжірибесі.

 Ұйымдастырушысы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің Қаржы және есеп кафедрасы және Индонезия Даруссалам Гонтор университеті (https://www.unida.gontor.ac.id https://instagram.com/unida.gontor?igshid=MTN3N2t1aGNwdWsyZg).