«Құқықтық білім»

14 қараша, 2023

Бүгінгі таңда жастарымыздың құқықтық сауаттылығын ашу басты мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан студенттер мен оқытушылар арасында ауқымды ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары ф.ғ.д.,  профессор З.Н.Сейітжанов, ф.ғ.д., профессор С.Б.Ержанова, Phd, аға оқытушы Э.С.Сейсенбиева, аға оқытушы Ш.А.Шортанбай және 1 курс докторанттары А.К.Коспагарова,  Н.Набиолла, Н.Берікқызы, 6В02306-Әдебиеттану БББ 2 курс студенттерімен бірлесе отырып 2023 жылдың 14 қарашасында,  сағат 11:00-де, 326 аудитоияда университетіміздің Тұрақты даму мақсаты негізінде «Құқықтық білім» тақырыбында ашық-тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының алға қойған бірнеше мақсаттары болды, атап айтқанда:

-    Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу;

-    Тұрақты даму мүдделерінде бейбіт және ашық қоғамның құрылуына жәрдемдесу, барлығы үшін сот әділдігіне қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беруге міндетті және кең қатысуға негізделген мекемелерді құру.

Бүгінгі тәрбие сағатына университет аралық байланыс пен қарым-қатынас негізінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, 6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы БББ бойынша 3 курс студенттері Г.Досқара, Ғ.Қадыровалар қатысып, «Құқықтық білім» алу мен оның маңызы туралы өз ой-пікірлерімен бөлісіп, қонақ кәде ретінде өнерлерін көрсетті. Студенттер 1.«Құқықтық білім және өткендегі жағдайы (ХХІ ғасыға дейін)», 2. «Құқықтық білім: қазіргі жағдайы», 3. «Құқықтық білім және оның болашағы» деген тақырыптарда топтық пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Тәрбие сағатының сергіту сәтінде құқықтық білімге қатысты сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, студенттер өздеріне біраз мағлұмат алғанын айтты. Сондай-ақ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қыздары қонақ кәде сый ретінде әннен шашу шашып, поэзия оқыды. Тәрбие сағаты өте қызықты да тартымды өтті.