Ұлы Ататүрікті еске алу

17 қараша, 2023

10.11.2023 жылы Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының «Қазақстан» қонақ үйінде ұйымдастырған Түркия Республикасының негізін салушы ұлы қолбасшы, Түркия Республикасының тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің өмірден өткеніне 85 жыл толуына арналған еске алу кешін ұйымдастырды.

Еске алу кешіне Түркиядан келген қонақтар мен қазақтың зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатысты.

Еске алу кешінде Ұлы Ататүрік туралы естеліктер айтылды, арнайы көрме ұйымдастырылып, ол мәдени шараға ұласты. Аталмыш шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының 3 курс студенті Мұратова Альбина қатысып, өз өнерін ортаға салды. Ол түріктің белгілі ақыны Үміт Яшар Оғызжанның «Мұстафа Кемалды еске алғанда» деген өлеңін нақышына келтіре оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Мұратова Альбинаға аталмыш шараға қатысқаны үшін Бас консулдық рахмет айтып, алғыс білдірді.

 

                                                              Куратор-эдвайзер Әбелдаев Ж.Ә.