“Қаржы генийі”

17 қараша, 2023

Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті ЖОО арасында 2023 жылғы 13-16 қарашадаұйымдастырған «Қаржы генийі» іскерлік ойынына әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Экономика және Бизнес жоғары мектебі «Қаржы» мамандығының 4-курс студенттері Шералы Тұрсынай, Ерханова Балжан, Аманқұлова Жангүлқатысып, ойынның 1, 2 кезеңдерінен сүрінбей өтіп, 1-орын иеленді. Ғылыми жетекшілері «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Асилова Айжан Сәрсенқызы.

Бұл іскерлік ойынға қатысуға «Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі» оқу бағдарламасы бойынша оқитынстуденттер шақырылған, жалпы іскерлік ойын студенттердің командалық жұмыс дағдыларын дамытуға және қаржы менесеп саласындағы міндеттерді шешуге бағытталған.

«Қаржы генийі» іскерлік ойының жүргізілу барысы 2 кезеңмен өтті:

1-кезең – іріктеу туры

Бұл кезеңде «Қаржы», «Бағалы қағаздар нарығы», «Корпоративтік қаржы», «Пайыз, несие және ақша теориясы» пәндері бойынша 15 тест сұрақтарын және 2 есепті шешуді қамтылды. 

2-кезең – шешуші тур

«Қаржы білгірі» викторинасы бойынша – сұрақ-жауап түріндегі ойын.

«Бас қаржы талдаушысы» – командамен есептерді шешу.

«Бизнес кейс» – командада кейстің шешу.

ЖОО арасында өткізілген байқауға әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен «Money lover's» (1-орын), Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінен «Blind party» (2-орын),  Almau университетінен «Я не местный» (3-орын),   Тұран университетінен «Eternals» (4-орын), Нархоз университетінен «Wunderkinders» (5-орын), Қазақстан-неміс университетінен «BEERzha» (6-орын) командалары қатысты. Ең үздік деп алдынғы 3 команда танылды.

«Eternals» командалары қатысты. Ең үздік 3 командаға орын берілді. 

Барлық жеңімпаз командалар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Ойынның қалған қатысушыларына қатысу туралы сертификаттар берілді.Іскерлік ойынды ұйымдастырған Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз!