Психикалық денсаулық және тығырықтан шығу жолдары
17 қараша, 2023
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледж стдуенттеріне «Психикалық денсаулық және тығырықтан шығу жолдары» атты семинар тренинг өтті. Университет психологы Амангелді Мейрамбекұлы емтихан кезінде болатын қиындықтардан қалай шығу керегі туралы амалдармен бөлісті. Семинар барысында анықталғандай студенттер арасында ауызбіршілік, ынтымақтың жоқтығы белгілі болды. Сол себепті де студенттер өздерін жалғыз сезініп, жанындағылардың жәрдеміне жүгінуді жөн көрмейді екен. Осы мәселені ескеріп, топта бір-біріне сенім арттыратын ойындар ойнатылды. Сенім – ол қоғамда етене араласып, өз орнын табуға септесетін негізгі құралдың бірі. Сол себепті де осындай семинар-тренингтердің өтіп тұруы студенттердің психикалық денсаулығын нығайтуын қамтамасыз етеді.