Заң ғылымдарының докторы, профессор Г. Р. Усейнованы еске алуға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» (III жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқулар) атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

11 желтоқсан, 2023

08 желтоқсан 2023 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор Г. Р. Усейнованы еске алуға арналған «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» (III жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқулар) атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Усейнова Гүлнара Рахымжанқызы 21 қазан 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. №9 орта мектепті алтын медальмен бітіріп, С. М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультетіне оқуға түсті.. 1989 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультетін үздік аяқтады. 1994 жылы аспирантураны бітіргеннен кейін оқытушының көмекшісі ретінде мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасына шақырылған. 1996 жылы ҚР ҰҒА академигі, з.ғ. д., профессор Сартаев С. С. жетекшілігімен 12.00.01 - мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, «Ш. Ш. Уәлихановтың Мемлекеттік-құқықтық көзқарастары»тақырыбында құқықтық және саяси ілімдер тарихы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2009 жылы 12.00.01 мамандығы бойынша «А.Н. Бөкейхановтың Мемлекеттік-құқықтық көзқарастары» тақырыбында докторлық диссертация қорғады (ғылыми кеңесші – ҚР ҰҒА академигі, з.ғ. д., профессор Сартаев С. С.). 2011 жылдан бастап мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі. Усейнова Гүлнара Рахымжанқызы бүкіл өмірін ғылыми қызметке арнап, елдің заң білімін дамытуға баға жетпес үлес қосты. Ол білім беру процесінің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсету үшін ғылыми-білім беру кластері шеңберінде құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ-нің негізін қалаушысы болды.