Тең мүмкіндіктер үшін

11 желтоқсан, 2023

Халықаралық мүгедектер күні Бас Ассамблеяның 1992 жылғы 14 қазандағы 47/3 резолюциясына сәйкес жыл сайын 3 желтоқсанда дүние жүзінде атап өтіледі. 3 желтоқсанда бүкіл әлемде мүмкіндігі шектеулі жандардың көптеген мәселелерін ұмытуға мүмкіндік бермейтін арнайы шаралар өтеді. Бұл мерекенің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамның барлық мүшелерімен тең дәрежеде екенін еске салу. 10 ТДМ шеңберінде теңсіздікті азайту және ешкімнің көштен қалмауын қамтамасыз ету мақсатында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығы қарсаңында «Шапағат» клубы мен Елтұтқа клубы «Тең мүмкіндіктер үшін» атты дөңгелек үстел өткізді, мүмкіндігі шектеулі жандардың түйткілді мәселелерін және осы мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Инклюзивтілік мүгедектікке әлеуметтік көзқарасты қолданады. Бұл тәсілмен ерекше қажеттіліктері бар адам «проблема» деп белгіленбейді, керісінше, қоғам жетілмеген және мүмкіндігі шектеулі адам үшін кедергілер жасайды. Инклюзия – физикалық дамуында қиындықтары бар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамның белсенді өміріне нақты қосу процесі.