ТДМ 13 «Климаттың өзгеруімен күрес»

13 желтоқсан, 2023

Тұрақты даму бастамасы аясында 2023 жылдың 13 желтоқсанында кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ережепқызы Роза Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің 3 курс студенттерімен "Ауаның ластануы және климаттың өзгеруі" тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырды. Ғылыми семинарға спикер болып осы тақырыптың халықаралық аспектілерін зерттеумен айналысатын докторант Үмбетбаева Жұлдыз Баймұратова шақырылды. Ғылыми семинарда атмосфералық ауаны халықаралық құқықтық реттеудің эволюциясы және алыс қашықтықтағы трансшекаралық ластанудын халықаралық сот практикасын қалыптастырумен байланысты мәселелері қарастырылды. Климаттың өзгеруі бұл ұлттық шекарадан тыс төтенше жаһандық проблема. Бұл іс-шара «Климаттың өзгеруімен күрес»  № 13 тұрақты даму мақсатына арналған.  Семинар барысында қатысушылар климаттың өзгеруі, климаттың өзгеруінің салдары, климаттың өзгеруіне қарсы бастамаларды талқылады. Бұл ғылыми семинар климаттың өзгеруіне қарсы шараларды қабылдауды жеделдетуге бағытталған климаттық бастамалар шеңберінде тұрақты дамуға қол жеткізу жөніндегі күш-жігер аясындағы маңызды қадам болып табылады. Климаттың өзгеруін тоқтату мүмкін емес, бірақ оның жағымсыз әсерлерін азайтуға болады.