2023 жылы 12 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің “Кеден, қаржы және экологиялық құқық” кафедрасының аға оқытушысы, PhD М.К.Накишевамен “16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне” құқықтану мамандығының 1 курс магистранттарымен семинар өткізілді. Семинар барысында студенттер, Желтоқсан оқиғасы туралы көптеген мәліметтер берді. Желтоқсан оқиғасының қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізудегі тарихи рөлін көрсетті. Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып, халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен, сол үшін құрбан болған жастардың ерлігін атап өтті. Желтоқсан оқиғасына арнап өлең окылып, деректі фильм, көрініс көрсетілді. Студенттер патриоттық сезімдерін, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін, болашақта еліміздің ар-намысты азаматтары бола алатынына сенімділіктерін көрсете білді.