2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 16:00-де кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Аманжолов Ж.М. «Есірткі-ғасыр дерті» атты тақырыпта вебинар өткізді. Вебинарда спикер ретінде азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының 2 курс магистранттары Мұратқызы А., Тұрысбек Ә., Абдулла А. қатысты. Вебинар 3 ТДМ аясында ұйымдастырылды. Вебинар мақсаты - студенттерді жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Вебинарда студенттер есірткі қолданғаннан кейінгі салдары туралы теориялық білім ала алды. Мысалдарда өмірдегі жағдайлар айтылды.
Осы тұста қысқаша мәлімет келтіре кетсек, нашақорлық-біздің заманымыздың қасіреті, ал есірткі – қоғам дерті,әлемді жаулаған қатер. Нашақорлық – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Есірткі, грек тілінен енген термин болып табылады, яғни грек тілінен аударғанда «естен айырылу» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ең алғашқы енгізген грек емшісі Гиппократ болды. Есірткі сезгіштіктіктің толық жоғалуына, кейбір жағдайларда паралич тудыратын зат болып табылады. Есірткінің тарихына келетін болсақ, біздің дәуірге дейін бес мың жыл бұрын бастау алған. Бастапқыда есірткіні тек медициналық мақсаттарға пайдаланған.
Қорытындылай келе ресми деректерге тоқталсақ, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "есірткіні қолданудан туындаған психикалық мінез-құлық бұзылыстары" диагнозымен динамикалық бақылаудағы адамдардың саны 18 216 адамды құрайды.
2020 жылы-20 259 адам;
2021 жылы-18 689 адам;
2022 жылы-18 085 адам.
Ал, психоактивті заттардың уытты әсерінен болатын өлім саны:
2020 жылы 72 жағдай-65 ер адам, 7 әйел;
2021 жылы - 74 жағдай-57 ер адам, 16 әйел, 1 кәмелетке толмаған;
2022 жылы-87 жағдай - 78 ер адам, 9 әйел.