- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Менің мамандығым - менің саналы таңдауым» (детектив жанрының менің мамандық таңдауыма әсер етуі)
«Менің мамандығым - менің саналы таңдауым» (детектив жанрының менің мамандық таңдауыма әсер етуі)
14 желтоқсан 2023 жылы «Сапалы білім беру» атты БҰҰ ТДМ 4-тармағын және университет мерейтойы қарсаңында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы «90 жыл – 90 іс-шара» мерейтойлық іс-шаралар циклын жүзеге асыру аясында 6В12301 «Құқық қорғау қызметі», «6В04205 – Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс студенттерінің арасында ең үздік эссе: «Менің мамандығым - менің саналы таңдауым» (детектив жанрының менің мамандық таңдауыма әсер етуі) тақырыбында университетаралық байқауының марапаттау салтанаты көрнекті жазушы, еліміздегі детектив жанрының негізін қалаушы, журналист, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдығы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ашылған Кемел Тоқаев аудиториясында өтті.
Университетаралық байқаудың маңыздылығы білім берудің ғаламдық принциптері білім алушыға зор міндеттер жүктейді. Әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарына магистртураға түсуге арналған университет бітірушілер мотивациялық хат, академиялық эссе жазу арқылы да қабылдана алады. Қазақстан мемлекеті униветситет бітіруші түлектерінің осы талапқа сай келуіне ықпал ететін білім мен дағдылардың бірі – эссе. Қазіргі таңда эссе жазу арқылы студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту арқылы жазу мәдениетін де қалыптастырып жатырмыз деп айтуға болады. Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс. Университетаралық жарысқа Қазақстан Республикасы Қонаев университетінің 1 курс 6В12301 «Құқық қорғау қызметі», мамандығының білім беру бағдарламалары студенттері қатысты. Студенттердің алдында қойылған эссенің мақсаты, әдетте, шығармашылық ойлауды дамыту және ойыңызды жазу шеберлігін шыңдау. Ол ойды тұжырымдау, ақпаратты құрылымдау, анықтауға көмектеседі. Тәжірибені суреттеуге және жетілдіруге ықпал етеді, сонымен қатар студенттер алған білімдерін көрсетуге мүмкіндік алуы ТДМ 4 «Сапалы білім беруді» жүзеге асыруға ықпал етеді. Байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау салтанатында студенттерге арнайы диплом табысталды. Атап айтқанда студенттер III дәрежелі; II дәрежелі; I дәрежелі диплом және арнайы оқулықтарға ие болды. Студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз!