№10 ТДМ аясында «Теңсіздікті азайту кедейлікті жоюдың шарты
2023 жылдың 14 желтоқсанында з.ғ.к., доцент м.а Г.С.Қалиева Заң факультетінің 3 курс студенттерімен №10 ТДМ аясында «Теңсіздікті азайту кедейлікті жоюдың шарты» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. . Ғылыми семинарда әлеуметтік теңсіздік мәселелеріне қатысты мәселелер талқыланды. Әлемде әлеуметтік теңсіздік проблемасы сақталуда, ал кей жерлерде ол тіпті артып келеді – медициналық және білім беру қызметтеріне тең емес қолжетімділік, табыс, жыныс, жас, мүгедектік, жыныстық бағдар, нәсіл, тап, этникалық, дінге байланысты кемсітушілік бар. Спикерлер теңсіздік кедейшілікті жоюға, әлеуметтік-экономикалық дамуға кері әсерін тигізіп, адамдардың қанағаттану сезімі мен өзін-өзі бағалаудан айыратынын, қоғамда жағымсыз көзқарастарды, ауру-сырқау мен қоршаған ортаның нашарлауына әкелетінін атап өтті. Адамдар жақсы өмір сүру мүмкіндігінен айырылса, тұрақты даму шындық бола алмайды.