- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында «Адам құқықтары құқықтық мемлекеттің басты құндылығы ретінде» тақырыбында вебинар
ТДМ-16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында «Адам құқықтары құқықтық мемлекеттің басты құндылығы ретінде» тақырыбында вебинар
15.12.2023 ж. мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Жұмадилова Н.С. заң факультетінің студенттеріне ТДМ-16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында «Адам құқықтары құқықтық мемлекеттің басты құндылығы ретінде» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар барысында адам құқықтарын сақтау жөніндегі түйінді мәселелерді шешу – бұл әрқайсысымыздың күш салуымызға байланысты кешенді, көп еңбекті қажет ететін, мақсатты міндет екендігі талқыға салынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық құқық жөніндегі көпшілікке танылған актілер талданды.
Біз ешкімге Конституциямен және заңдармен бекітілген адам құқықтарын бұзуға және елдің қадір-қасиетін төмендетуге жол бермеуіміз керек. Қазіргі замандағы адам құқықтары – жалпыадамзаттық мәдениеттің қуатты бөлігі.