Қаржылық сауаттылық-қаржылық білім берудің үздіксіз процесі
2023 жылғы 21 желтоқсан күні, сағат 15:00-де кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Аманжолов Ж.М. «Қаржылық сауаттылық-қаржылық білім берудің үздіксіз процесі» атты тақырыпта вебинар өткізді. Вебинарға азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының 2 курс магистранттары Мұратқызы А., Тұрысбек Ә., Абдулла А., Тоқтар Д. қатысты. Вебинар 3 ТДМ аясында ұйымдастырылды. Вебинар мақсаты - қаржылық сауаттылық деңгейін жоғарылату, экономикалық, әлеуметтік және қаржылық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыру және әлемдік практикада болашақтағы дағдарыстардың алдын алуға бағытталған қаржылық реформалардың маңызды құрамдас бөліктерін талқылау. Тұтастай алғанда, қаржылық сауаттылық мәселелерінде көптеген елдердегі әлеуметтік топтар мен нысаналы аудиториялардың басым бөлігінде қаржылық білім мен құзыреттіліктің жетіспеуіне байланысты біртекті проблемалар байқалады. Халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейінің жоғары болуы азаматтардың тұрмыс деңгейін жоғарылатуға, жеке инвесторлар қаражатының ел экономикасына құйылуына, қаржы нарықтарында бәсекелестіктің дамуына, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға және қоғамның әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.
Магистранттар өз баяндамаларында “Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасының” қоғамға әсер еткен жақтарын талқылап, ұсыныстарын айтты. Қорытындылай келе, жоғары оқу орындарында міндетті пән ретінде “Қаржылық сауаттылық” пәнін енгізу бойынша ұсыныс қарастырылды.