ҚазҰУ-дың студент спортшылары марапатталды

28 желтоқсан, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спортшы жастары кезекті марапаттарға ие болды.

Қазақстанда тұңғыш рет жылдың ең үздік, ең таңдаулы студент-спортшыларын марапаттау мақсатында ұйымдастырылған «Сұңқар – 2023. Студенттік спорттың жұлдыздары» республикалық байқауында ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің студенті Әкежан Айтбеков «Үздік студент-спортшы» марапатына ие болды.

Әкежан Айтбеков – ІІ Түркі универсиадасында еркін күрестен алтын медаль иегері.

ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенті Серік Әбдімәжит Жамбыл облысы әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған байқауда «Халық таңдауы – 2023» номинациясында жеңімпаз атанды.

Серік Әбдімәжит самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, самбодан және дзюдодан ҚР спорт шебері.

Жаңа жыл қарсаңында дзюдо күресінен жастар арасында өткен Алматы қаласының чемпионатында филология факультетінің 1-курс студенті Аружан Солтанхан 48 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Спортшы студенттерімізді құттықтаймыз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі