«Озық ұлтқа айналу үшін алға ұмтылу керек»
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында, Қазақстанның танымал тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын насихаттауға байланысты, жалпыұлттық кұндылықтарға және жастарды қолдауға қатысты айтылды. Бұл- айрықша маңызды жыл болады.
Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігіне зор септігін тигізеді. Мемлекетіміздің тамыры тым тереңде әйгілейтін кең ауқымды зерттеулер қолға алынды. Біз озық ойлы ұлт ретінде халқымызды ыдырататын емес, біріктіретін жолды таңдап, тек қана алға қарауымыз керек. Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруға тиіс. Бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Тағы да қайталаймын, еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құндылықтар. Халқымыздың қуатын арттырып, табысқа жетелейтін осындай қасиеттер мен құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіру арқылы ғана сапалы ұлтқа айнала аламыз.
Қазақ елінің жастарына сенемін. Сондықтан олардың атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарында қызмет етуіне жол ашатын кешенді шаралар қабылданды. Президенттік жастар кадр резерві жасақталды. Іріктеудің бірнеше сатысынан өткен кәсіби жас мамандар мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарға тағайындала бастады.Қазір әлем жыл сайын емес, күн сайын өзгеріп жатыр.Жаңа технологиялар, мамандықтар және салалар пайда болуда.Ойы ұшқыр жастарымыз болашақты бағымдай алады және дамытуға ұмтылады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақ елінің мерекелердің төресі және ең көнесі – Әз Наурызды атап кеткен. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы.Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін.
Осылайша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан озық ойлы ұлт болуға ұмтылып қана қоймай, осы мақсатты белсенді жүзеге асыруда. Болашаққа көзқарас бұл инновацияға, жан-жақты дамуға және жаһандық ынтымақтастыққа бағытталған, елге қазіргі заманның сын-қатерлерімен сәтті күресуге және болашақ ұрпақ үшін тұрақты қоғам құруға мүмкіндік береді.Келешегімізді кемел етуге ұмтылып, ұлттың ұлылығын нақты іспен дәлелдеуіміз керек.
Кеден, қаржы және экологиалық құқық кафедрасының
аға оқытушысы С. М. Жапаков