Ғылыми жоба аясында Германия университетімен ынтымақтастық

8 қаңтар, 2024

06.12.2023-13.12.2023 жж. аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасының ғылыми - зерттеу тобы: Нурмагамбетова Ажар Зейнуллаевна – жоба жетекшісі, БҒҚ; Нургалиева Алия Мияжденовна – жобаның ЖҒҚ; Курбанова Карлыгаш Абдуллаевна - жобаның ҒҚ, Германия, Берлин қаласында іссапарда болды.
Іссапардың мақсаты 2023 жылғы 11 желтоқсанда Германияның Берлин қаласында өткен қаржы, банк және экономика жөніндегі халықаралық ғылыми конференцияға (ICFBE) қатысу және AP19679105 "Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикасын дамыту жағдайында ESG қаржы құралдарын трансформациялау" ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде (2023-2025 жж.) Berlin School of Economics and Law-мен бірлескен зерттеу жоспарын әзірлеу болды. https://www.hwr-berlin.de/en /
Жоспарға сәйкес, ынтымақтастық мақсатында жоба мүшелері Berlin School of Economics and Law (Germany) сапарында болды, онда PhD докторы, профессор Solveig Reiβig-Thust-пен зерттеу барысы мен климаттық қаржы мәселелеріне қатысты тақырыптар, ESG қаржы құралдары талқыланды. Ынтымақтастық мәселелері бойынша осы мектеппен бірлескен жоспар әзірленді, сонымен қатар жоба мүшелері тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) ТДМ 4, ТДМ 13 қол жеткізу бойынша қаржыландыру құралдары мен тетіктері қаралатын Климаттық қаржы бойынша магистранттарды оқыту процесін егжей-тегжейлі зерделеді.
Осы ынтымақтастық аясында және зерттелетін тақырып бойынша Berlin School of Economics and Law-да зерттеу жүргізудің алғашқы нәтижелері талқыланды.
AP19679105 "Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикасын дамыту жағдайында ESG қаржы құралдарын трансформациялау" гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде «Ғылыми-зерттеу ортасы» алтыншы (6) бөлімінің «ұтқырлық: ғылыми сапарлар», зерттеу тобының мүшелері 2023 жылдың 11 желтоқсанында Германияның Берлин қаласында өткен Қаржы, банктік бизнес және экономика бойынша халықаралық ғылыми конференцияға (ICFBE) қатысты.
Website: https://www.researchfora.net/event/index.php?id=2059740